Қазіргі сәтте БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Қайраттың» төрт бірдей ойыншысы COVID-19 індетін жұқтырды деген ақпарат тарауда.
Өкінішке орай, Сербияға аттанбас бұрын тапсырылған тест нәтижесі бойынша «Қайрат» ФК-ның бір ойыншысы - қақпашы Стас Покатилов қауіпті індетті жұқтырғаны жайлы хабарлаймыз.
Сонымен қатар, «Црвена Звездаға» қарсы алғашқы ойыннан кейін Маки Баньяктан ЖРВИ белгілері анықталды.
Айбол Әбікен мен Хосе Кантенің тесттері теріс нәтиже көрсетті және олар матчқа дайындалуда.