5 қаңтарда алматылық «Қайраттың» спорт базасында 2019 жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиыны басталды.
Ұзақ уақыттық демалыстан соң «Қайраттың» ойыншыларын клуб жаттығу базасының медициналық бөлімінде спорттық сынақтар тапсыру күтіп тұрды. Команда клуб мамандарының алдында медициналық тексерістерден уақытылы өту үшін өзара бірнеше топқа бөлінді.
Жиынның алғашқы күндері ойыншылардың физикалық жай-күйлерін анықтауға және жаттығу залы мен көгалда жаттығу істеуге толыққанды дайындалуға арналған.