«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Оңтүстіктік темперамент
Қайрат

Оңтүстіктік темперамент

31 марта 2018
/ 00:00

«Қайрат» Шымкентте «Ақтөбемен» тең түсті.

«Ақтөбе» - «Қайрат» - 1:1

Голдар: Бато (автогол), 11 – Исаэль, 17

Ескертулер: Қуат, 33, Соколенко, 67, Элек, 72

«Ақтөбе»: Рамиль Нұрмұхаметов (Қ), Бағдат Қайыров (К), Асланбек Кәкімов (75, Юрин), Ардақ Сәулет, Хрвое Миличевич, Александр Симчевич, Дорнелас Фабрисио, Силва Рейналдо (68, Пиззелли), Милан Радин, Жан-Эд Морис (90, Шурыгин), Виталий Волков

Қосалқы құрам: Мұхамбет Тамабай (Қ), Саят Жұмағали, Саша Марьянович, Жамбыл Көкеев, Захар Коробов, Рустам Темірхан

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ), Нұралы Әліп, Акош Элек, Шелдон Бато, Ғафуржан Сүйімбаев (62, Соколенко), Ян Вороговский, Бауыржан Исламхан (К), Исламбек Қуат (78, Анене), Исаэль Барбоза (87, Фелипе), Андрей Аршавин, Уго Сильвейра

Қосалқы құрам: Владимир Плотников (Қ), Магомед Парагульгов, Елдос Ахметов, Георгий Жуков, Айбол Әбікен, Вячеслав Швырёв

Матч «Қажымұқан» стадионында өткен, ақтөбелік команда номиналды алаң иелері болды. «Қайрат» алаңға үш қорғаушы және екі «латераль» шығарып, дәстүрлі болып кеткен жүйесін қолданды.

Кездесу жылдам голмен басталды. Ақтөбелік клуб «Қайрат» қорғанысының оң қапталымен шабуылдап, нәтижесінде Шелдон Бато өз қақпасына гол соғып алды – 1:0. Бірнеше минуттан соң «сары-қара түстілер» таблодағы есепті теңестірді: Аршавин өз қапталынан Исаэльге доп әуелеткен, ал бразилиялық ойыншы бір соққымен дәлдік танытты – 1:1.

Келесі қауіпті шабуыл матчтың 37-минутында болды. Андрей Аршавин допты кеудесімен тоқтатып алып, жерге түсірмей бірдей соққы жасаған – доп қақпаның қасынан өтті. Артынша командалар қауіпті шабуыл жасамай, үзіліске кетті.

Ойынның екінші жартысында «Қайрат» ақ-қызылдардың қорғанысына қысым жасауын бастады. Шабуылдардың бірінде Исламхан алаң иелерінің айып алаңында допты қабылдап алып, соққы жасады, бірақ доп нысанадан қиыстау кетті.

Келесі шабуылда ақтөбеліктер қауіпті қарымта шабуыл ұйымдастырды, «Ақтөбе» ойыншыларының бірі қақпаға соққы жасаған. Доп Жан-Эд Мористің қолына тиіп кеткендіктен, Покатилов қақпасына енген гол саналған жоқ.

Алаң иелерінде алға шығатын тағы бір мүмкіндік болды. 72-минутта ақтөбеліктер «Қайраттың» айып алаңына доп әуелеткен, Мористі допты жақын бұрышқа аттандыруға тырысқан, алайда Покатилов жағдайды бақылауында ұстады. Бұған алматылықтар Ян Вороговскийдің соққысымен жауап қатты, бұл жолы да дәлдік жетіскен жоқ.

Матчтың соңы алматылық футболшылардың басымдығымен өтті, алайда Нұрмұхаметов қақпасына екінші голды соға алмады. Қазақстанның оңтүстігінде өткен матч тең есеппен аяқталды. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»