«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Нумон Хасанов: «Осы маусымда сіздердің чемпион болғандарыңызды қалаймын»
Клуб жаңалықтары

Нумон Хасанов: «Осы маусымда сіздердің чемпион болғандарыңызды қалаймын»

07 сентября 2019
/ 11:00

«Пахтакор» аңыздары құрамында «Орталықта» гол соққан Нумон Хасанов, СССР чемпионаттарындағы соңғы дербиді еске алып, Ғани Қайназаровты мақтап, «Қайратқа» чемпион болуды тіледі.

- Бүгінгі аңыздар матчы қалай өтті?

- Ойын қызықты және де достық көңіл-күймен өтті. Бізге ойын өте ұнады. Уақыт жүріп жатыр, бірақ нағыз футбол дегеннің не екенін ешкім ұмытпайды.  Бұрын ойнаған жолдастарды қайта көру өте жақсы болды. 1990 жылғы ойындар есімде. Соңғы рет біз «Қайратпен» осы «Орталық» алаңда кездесіп, тең ойнадық. Ташкентте де қажырлы күрес болды. Біз ойынды 2:1 жүргізіп, қайраттықтар қысым көрсеткен болатын. Ол кезде алматылықтардың құрамында Пасько, Волгин, Масудов болды. Осы ойында біздің қақпаға пенальти берілді. Біз барлығымыз қақпашыға жүгіріп, он бір метрлікті «алуды» сұрадық, ал қақпада Яновский тұрған. Өте ұтқымыз келді. Ол пенальтиді ұстап қалды!

- Сіз бүгін әдемі голдың авторы атандыңыз...

- Мені соққы жасайтын позицияға жақсы шығарды. Ойыншы допты жіберіп алды, ал мен шын мәнінде қақпашымен бірге-бір жалғыз қалып, сондықтан да допты қақпашыдан асырып түсірдім.

- Біздің ардагерлеріміздің қайсысын ерекше атап өтер едіңіз?

- Ғани Қайназарова. Ол гол соғып, бүгін өте белсенді болды. Оның «Қайрат» үшін тоқсаныншы жылдардағы ойыны есімде.

- Қазір «Қайраттың» ойынын бақылайсыз ба?

- Иә, әрдайым «Қайраттың» ойынын бақылаймын. Сіздің клубыңыздың жанкүйерімін деп те айтуға болады. Осы маусымда сіздердің чемпион болғандарыңызды қалаймын. Кеше біз клуб базасында, Академияда қонақта болдық. Онда жасалған жағдайлар керемет. Мұндай жағдайда мықты футболшылар өседі деп сенемін. Сізге чемпиондық атақты және де қалған матчтарда сәттілік тілеймін!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»