«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Николай Костов: «Біздің команда ешнәрсені жүзеге асыра алмады»
Қайрат

Николай Костов: «Біздің команда ешнәрсені жүзеге асыра алмады»

31 августа 2019
/ 11:00

«Шахтердің» бас бапкері Николай Костов «Қайратқа» қарсы матчтағы өз командасының ойынына қатысты пікірін білдірді.

- Біздің команданың ойыны әлсіз. Өте әлсіз. Менің ойымша, біздің команда ешнәрсені жүзеге асыра алмады. Біздің барлық жетістіктеріміз командалық әрекетпен байланысты. Біз әрдайым жақсы көріндік, тіпті өз матчтарымызда жеңілген кезде де. Біз үнемі алаңға шығып, командалық ойын көрсететінбіз. Бүгін мен өз ойыншыларымды танымадым. Ойынға келіп жақсы атмосфера жасаған жанкүйерлердің алдында қалайша  масқара болғанымызды түсінбеймін. Ойыннан кейін бірден ешкімді айыптағым келмейді.  Біз осы жеңілістің себептерін табу үшін бізде уақыт болады. Халықаралық үзіліс болатыны жақсы болды. Біз бұл матчты асықпай талдаймыз. Осылай ойнауға болмайды. Біз бүгін барлық жекпе-жекті жеңіліп қалдық. "Қайратты"мақтағым келеді. Команда тәртіпті ойнап, шайқасты, күресті. Алматылықтар бізді командалық әрекет  есебінен залалсыздандырды. «Қайратқа» сәттілік тілеймін.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»