«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Никола Спасов: «Бүгінгі ойында бар күшімізді салдық»
Қайрат

Никола Спасов: «Бүгінгі ойында бар күшімізді салдық»

11 марта 2018
/ 00:00

«Қызыл-Жар СК» бас бапкері «Қайратқа» қарсы матчтың қорытындысы жайлы пікірін білдірді.

- Өз командама көңілім толады. Командалық рухты көрсеттік. Ойыншылар матчқа қойылған өз мақсаттарын жақсы атқара алды. Бүгін біз Қазақстанның ең үздік командасымен ойнадық. Өте қиын болды, себебі бұл алғашқы ресми матчымыз. Бүгінгі ойынға бар күшімізді салдық. Өкінішке қарай, бір ұпай да ала алмадық.

- «Қайрат» Болгария чемпионатында ойнаса, турнир кестесінің қай бөлігінен орын алар еді?

- Сөзсіз, «Қайрат» біздің біріншілікте ойнай алады. Болгарияда үздік үш команда бар, «Қайрат» алтын медальға таласа ала ма, жоқ па, дәл басып айту қиын.

- Ойын алдында қандай нұсқау бердіңіз және футболшылар оны орындай алды ма?

- Қорықпай, агрессивті ойын көрсеті. Алаңдағы ойыншыларға еркіндік беріп, қарымта шабуыл арқылы ойнауды жөн деп шештік. Негізгі тапсырмамыз – командамыздың абыройын қорғау.

- Алдағы Қазақстан мен Болгария құрамалары арасындағы матчқа өз болжамыңызды айтыңызшы.

- Бұл өте қызық ойын болмақ. Болгариялық командаға қиынға соғады, себебі Станимир Стойлов мықты маман.

- Алдағы маусымға қандай мақсат қойдыңыздар?

- Премьер-лигада қалып, жақсы футбол көрсету. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»