«Қайрат» жастар командасының қапталдағы қорғаушысы Никита Ярков «Оңтүстік Академиясына» қарсы матч жайлы пікірін айтты.
- Никита, матч тең аяқталды – 0:0. Қарсылас жақсы ойын көрсетті, матч тең өтті. Кездесу нәтижесі жайында ойың қандай?
- Қарсылас өте мықты, дұрыс футбол көрсетуге тырысатын командалардың бірі. Жалпы, ойын тең өтті. Сондықтан, нәтиже де тең.
- Гол соға алмадық, бірақ өз қақпамызға жібермедік те. «Оңтүстікпен» матчтағы бір ұпай әділетті ме, әлде команда одан да көп ұпай алуға лайықты болды деп санайсың ба?
- Әрине, қашан да жеңіске жеткіміз келеді. Команда тек жеңіс үшін ғана ойнайды. Тең есепке көңіліміз толмайды.
- Команда 27 тур өткізді. Жастар командасының матчтарына қандай баға бере аласың?
- Алдымызда тек жоғары мақсаттар ғана тұр, төртінші орында келеміз. Бұл бізді қанағаттандырмайды. Алда әлі ойын көп. Мүмкіндігінше көбірек ұпай жинауға тырысамыз.