Алматыда балалар үйлері арасында футболдан «Арманға апарар жол» атты Қазақстан чемпионатының финалы өтті.
Салтанатты табыстау шарасына «Қайрат» ФК құрметті ардагерлері Құралбек Ордабаев пен Виктор Катков қатысты.
2018 жылғы турнирдің басты жүлдесі «Пари Сен-Жермен» (Франция) клубы мен Париждегі «Парк де Пренс» стадионына бару мүмкіндігі.
Мұндай мүмкіндікті Семей қаласының жас футболшылары жеңіп алды, финалда олар «Барыс» командасын пенальти сериясында жеңді.
Естеріңізге салсақ, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасындағы футболдан «Арманға апарар жол» республикалық чемпионаты осымен алтыншы жыл өтіп жатыр. Бұған дейін жеңімпаздар «Челси», «Бавария», «Барселона», «Атлетико» және «Милан» клубтарында қонақта болған еді.