«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Невадағы кездесу
Қайрат

Невадағы кездесу

09 сентября 2018
/ 00:00

«Зенит» пен «Кайрат» Нева өзенінің бойында орналасқан қалада жолдастық ойын өткізді.

«Зенит»: Юрий Лодыгин (46, Кержаков), Александр Анюков, Бранислав Иванович (64, Рукас), Илья Скроботов, Евгений Чернов (85, Богаев), Матиас Краневиттер (82, Маркизио), Магомед Оздоев (81, Кириллов), Эрнани, Дмитрий Плетнев (46, Воробьев), Денис Терентьев, Себастьян Дриусси (81, Прудников)

Қосалқы құрам: Юрий Першин.

«Қайрат»: Стас Покатилов (В) (46, Лория), Станислав Лунин (86, Сүйінов), Елдос Ахметов, Нұрәлі Әліп, Сергей Кейлер, Хуан Фелипе, Магомед Парагульгов (73, Котов), Исаэль Барбоза, Иво Иличевич, Андрей Аршавин (К) (88, Ульшин), Адеринсола Эсеола (80, Сарсенов) 

Қосалқы құрам: Улугбек Хайтмуратов, Рашид Люхай, Иван Сизов

Бүгін алматылық «Қайрат» үшін Санкт-Петербург қаласында айшықты күн өтті. «Қайраттың» тәуелсіздік жылдарындағы тарихында алғаш рет «Зенитпен» кездесіп отыр.  

Ойын алаң иелерінің басымдығымен басталды. Дегенмен «Қайраттың» ара-кідік гол соғатын мүмкіндіктері туындап отырды. 9 минутта Эсеола «Зенит» қорғанысының қапталымен шабуылдаған. Алайда қорғаушылар шабуылшыны дер кезінде тоқтата білді.

Бұдан кейін Исаэль Барбоза қарсылас қақпасының «тоғыздығын» көздеген, бірақ доп сәл қиыс кетті. 22 минутта Эрнанидің қауіпті сәті есте қалды. Қарсылас команданың ойыншысы қақпа маңдайшасынан сәл биік тепті. 32 минутта алаң қожайындары есепті ашты. Себастьян Дриусси қақпа маңындағы қарбалас сәтті пайдалынып кетті.

Екінші таймда екі команданың құрамында өзгеріс орын алды. «Зениттің» қақпашысы Лодыгин орнын Кержаковқа берсе, Плетнов пен Воробев ауысты. Ал «Қайраттың» сапында қақпашылар Покатилов пен Лория орын ауыстырды.

75 минутта  Иво Иличевич айып алаңында соққы жасағанымен, дәл болмады. Ойын соңында Аршавиннан доп алған Хуан Фелипе қарсылас қақпасын көздеп көрген. Алайда допты тура қақпашының қолына тепті.

Осылайша, Санкт-Петербург қаласында өткен ойын «Зениттің» пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»