«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Негізгі команда дәрігерлік тексеруден өтті
Қайрат

Негізгі команда дәрігерлік тексеруден өтті

09 января 2023
/ 06:00

Екінші оқу-жаттығу жиыны клубтың спорттық базасында дәрігерлік тексеруден басталды.

Жексенбі күні таңертең негізінен қазақстандықтардан тұратын «Қайрат» ойыншыларының бірінші тобы, сондай-ақ Гулжигит Алыкулов пен Давид Экве мамандардың тексеруінен, жүрек пен іш қуысының УДЗінен және қан мен зәр анализінен өтті.

Содан кейін ойыншылар қаламыздың медициналық орталығына жүрек-қан тамырларының жұмысы мен физикалық форманы бағалау үшін қолданылатын диагностикалық тесттен өтуге жол тартты. Футболшыларымыз тест барысында кеуделеріне электрод киіп жүгіру жолымен жүруі керек болды, сосын әр үш минут сайын оның жылдамдығы мен еңісі жоғарылап отырды.

Бүгін дәл сондай медициналық тексеруден және жүгіру жолындағы сынақтан Жоао Пауло, Виктор Васин, Антон Крачковский, Вадим Ульянов және басқа да ойыншылардан құралған екінші топ сәтті өтті.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»