«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Нұрсұлтан «Қайраттың» парақшасына кіріп, жүлде ұтып алды!
Клуб жаңалықтары

Нұрсұлтан «Қайраттың» парақшасына кіріп, жүлде ұтып алды!

06 февраля 2019
/ 00:00

«Қайрат» футбол клубы өз жанкүйерлерімен ареналарда ғана тығыз байланыста емес, сонымен қатар, әлеуметтік желілерде клубтың ресми парақшаларында да жақын араласып тұрады.

Өзекті және оперативті берілген ақпарат тұрақты түрде өз нысанасын тауып жатады. Бірегей жүлделердің ұтысойындары да жиі ойнатылады.

«Қайраттың» соңғы жолдастық кездесулерінде басты қаһармандардың бірі Сербиядан келген жаңа ойыншы Раде Дугалич болғандықтан, «сары-қаралар» өз жанкүйерлеріне тосынсый жасауды ұйғарды.

«Қайрат» ФК ресми дүкені мен «Қайрат» ФК-ның Instagram-дағы ресми парақшасының редакциясы жазылушылар арасында Раденің қолтаңбасы қойылған жейдені ойнатты.

Бұл ұтысойынның ережесі бойынша, үміткерлерге «Қайраттың» Instagram-дағы ресми парақшасына жазылып, ұтысойын туралы жазбаның астына үш жосын белгілеп, «Ұнайды» белгісін басу қажет болды.

Ұтысойынның басталғаны туралы хабарламадан бір аптадан кейін оның жеңімпазы кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталды.

Жүлде «Қайраттың» адал жанкүйері Нұрсұлтан Набиевке бұйырды!

- Бұл жеңіс мен үшін үлкен оқиға болды, - деді «Қайрат» ФК жанкүйері Нұрсұлтан Набиев. – Сүйікті командам сапында өзін сәтті көрсете білген жаңа ойыншының қолтаңбасы қойылған клубтық жейденің иегері атанғаным үшін шексіз қуаныштымын. Ғажайып жүлде үшін «Қайратқа» көп рақмет! Біздің жігіттерге маусымда сәттілік тілеймін!

«Қайраттың» Instagram-дағы ресми парақшасы жаңа жүлдені 2019 жылдың 18 ақпанында сарапқа салады. Ұтысойын шарттары бұрынғыдай. Жазылушыларымызға ұтысойын туралы жазбаның астына үш досын белгілеп, «Ұнайды» белгісін басуы керек.

Жаңалықтар оқып, ұтысойындарға қатысып және «Қайрат» ФК-мен байланыста болу үшін әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымызға кіріңіздер:

https://vk.com/fckairat

https://www.facebook.com/fckairat/

https://twitter.com/fc_kairat

https://www.instagram.com/f.c.kairat/

https://www.youtube.com/user/kairatofficial/

БІР ҚАЛА – БІР КОМАНДА! ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕЙІК

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»