«Қайраттың» қорғаушысы Нұрлан Даиров біздің сайтқа берген сұхбатында өзінің тізесіне жасалған операциясынан кейінгі реабилитациясы, ойын амплуасының ауысуы және туған клубымен тығыз байланыстары туралы айтып берді.
- Нұрлан, өткен маусымда тізеңді қалай зақымдағаның туралы айтып берші?
- Чемпионат соңында
мен ауырсынуды сезінсем де,
инъекция жасатып ойнадым.
Барлығы бекер болды. Бұл жүктеменің салдарынан болып жатқан ауырсыну деп
ойладым, барлығы одан да күрделі болды. Маусымның соңына қарай ойнау тіпті
мүмкін болмады. МРТ ісіктің кесірінен аурудың себебін анықтай алмады. Жалға алу
аяқталған соң, мен «Қайрат» командасына оралдым. Клуб мені Германияға тексеруге
жіберді. Онда тізе шеміршегінің зақымдануы анықталды. Қабыну процесі басталды,
сондықтан бұл мәселені консервативті жолмен шешу мүмкін емес еді. Сондықтан да
мен операция жасаттым.
- Жалпы топқа жақын арада орала аласың ба?
- Карантин аяқталғаннан кейін алаңға шығамын деп үміттенемін. Біздің дәрігерлер қалпына келтіру мерзімін ұзартып көрсетті. Мен оңалту процесінің тездетілгеніне қуаныштымын. Қалпына келтіру үшін жасалған барлық жағдайға клубқа үлкен рахмет. Менімен күн сайын жұмыс істеген барлық медицина қызметкерлеріне рахмет. Екі реттік режимде болған кездері де болды. Менің тіземнің тез жазылуына көп күш жұмсаған Бразилиялық Диогоға рахмет. Мен бірінші айналымның соңында жалпы топқа оралуға үміт артқанмын. Карантинге байланысты мен «қосымша уақыт» алдым десе де болады. Сондықтан да мен жоспарлағаннан бұрын ораламын. Егер жаттығу мамыр айында қайта басталса, командамен жұмыс істей аламын.
- Диогоның сенімен қалай жұмыс істегені туралы толығырақ айтып берсең?
- Оның басшылығымен бассейнде, жаттығу залында көптеген қозғалыстар жасадым. Спорттық жгуттармен, бұлшықет жұмысына арналған жаттығулар көп болды. Диогоның әрдайым көңілді көтеріп, позитивке бағыттайтыны маңызды. Ол – профи, көп адамды аяққа қойды, сондықтан мен оған сенемін. Өткен жылы біздің қызметкерлер Ян Вороговскийге осыған ұқсас жарақаттан кейін қалпына келуге көмектесті. Мен Янмен сөйлескенмін, ол дәрігер Александр Корнилов пен Диого Лейтенің барлық нұсқауларын ұстануға кеңес берді.
– Осы маусымға қандай мақсаттар қойдың?
– Қазір ең бастысы алаңға оралу. Өткен жылы мен «Оқжетпесте» толық маусым өткіздім. Биылғы жылы неғұрлым көп тәжірибе алғым келеді. Мүмкіндігімді алып, бапкерлер штабының үмітін ақтауға тырысамын. Командаға көмектескім келеді. Мен Алексей Николаевичпен көп әңгімелестім. Мен үшін, Димаш (Жомарт) үшін бапкердің алаңдайтынын сеземін. Ол өзінің жарақаты, қалай қалпына келгендігі туралы айтты. Бапкердің психологиялық қолдау көрсететіні қуантады.
- Көптеген адамдар сенің шабуылшы жартылай қорғаушы ретінде бастағаныңды біле бермейді. Амплуаны өзгертуге шешімді қалай қабылдадың?
- Иә, 2012 жылы «Қайраттың» оң жақ жартылай қорғаушысы ретінде ойнадым. Сол маусымда мен 12 гол соқтым. Яғни дубльдің басты бомбардирінің бірі болдым. Тіпті қорытынды жиналыста мені осындай нәтижемен құттықтады. Бірақ бірте-бірте мені қорғауда ойната бастады. Мен оң жақ қорғаушы ретінде әрекет еттім. Соңғы екі маусымда орталық қорғаныста ойнадым. Үйреніп қалдым, бәрі ұнайды. Бұл позицияда өзімді жайлы сезінемін.
– Осы маусымда қандай клуб басты тосынсыйды ұсынады?
– Менің ойымша, «Жетісу». Менің ойымша, олар біраз шулатады. Төрттікке түсу үшін күреседі. Сондай-ақ, «Тобыл», «Оқжетпес», біздің Владимир Плотников ауысқан «Ордабасы» да күшейді.
– Сен «Оқжетпесте» көп уақыт өткіздің. Клубтан кету қиын болды ма?
- Иә, «Оқжетпеспен» біз көп нәрсені бастан өткіздік. Мен осы клубпен Бірінші лига чемпионатын жеңіп алдым, Премьер-лигада өнер көрсеттім. Өткен жылы Көкшетаудың жанкүйерлерінің маған жазғаны, тағы да маусымға қалуды өтінгені есімде. Басшылық та қалуымды сұрады. Дегенмен, «Қайрат» - футболшы ретінде өскен клубым. Мен, өз мансабымды бастаған, өз клубымда ойнағым келеді. Мен 15 жасымда Алматыға келіп, «Қайрат» академиясында оқыдым. Мен «Оқжетпес» басшылығына, Андрей Карповичке ризамын, бірақ мен өз клубыма оралғаныма бақыттымын.