«Қайрат» жастар командасының шабуылшысы Нұрдәулет Ағзамбаев «Астанаға» қарсы матч нәтижесі жайында ойын айтты.
- Нұрдәулет, өкінішке қарай, Астанада 3:2 есебімен ұтылдық. Матчта командаға не жетіспеді, қалай ойлайсың?
- Бірінші таймда концентрация жетіспеді деп ойлаймын. Жылдам соғылған екі гол ойын барысына қатты әсер етті. Бірақ соған қарамастан біздің салымыз суға кетпей, жеңіске жететінімізге сендік. Екінші таймда толығымен басымдыққа ие болдық, аз ойыншымен қалсақ да, екі гол соқтық. Матч соңында сәттілік жетіспеді.
- Біздің құрамдағы екі қызыл қағаз матчта қаншалықты әсер етті?
- Командамызда екі жетекші ойыншының алаңнан қуылуы матч нәтижесіне толықтай әсер етті деп ойлаймын.
- Команда қазір өзін қалай сезінеді?
- Бұл матчты тезірек ұмытып, алға жылжығымыз келеді. Чемпионатта әлі де үмітіміз жоғалған жоқ.