«Қайрат» жастар командасының шабуылшысы Нұрдәулет Ағзамбаев «Қайсарға» қарсы тең ойын жайында пікірін айтты.
- Ауыр ойын болды. Біз «Қайсардың» әрекеттерін дәл болжау қиын екенін білдік, олар өз алаңында жеңілмейді деуге болады.
- Матчтың басым бөлігін команда он ойыншымен өткізді, соған қарамастан, тең есеп кезінде алға шыға алды. Ойыншы саны аз болса да, үш ұпай алуға мүмкіндік болды ма?
- Иә, үш ұпай еншілейтін мүмкіндік болды. Мінез таныттық, әр футболшы ойынды сақтап, үш ұпай алу үшін бар күшін салды. Екінші таймның басында жүйені өзгерттік, агрессивті ойнап, жылдам екі гол соқтық та, матч тағдырын өзгерттік. Кездесу аяғында біздің қақпамызға белгіленген пенальти ойында жеңіске жетуге деген мүмкіндігімізді алып кетті.