Алматылық «Қайрат Ж» шабуылшысы Нұрдәулет Ағзамбаев «Рузаевкаға» қарсы матчтың нәтижесі туралы пікірін айтты.
- «Рузаевканың» жақсы команда екенін білдік, комбинациялық футбол ойнауға тырысады. Қарсыластың ойынын сараптадық және дұрыс тактика таңдадық. Бапкердің нұсқауларын толық орындадық деп ойлаймын.
- Сен команда сапында алты гол соқтың. Осы маусымды өзің үшін қалай бағалайсың?
- Маусым мен үшін сәтті өтіп жатыр. Клуб жанкүйерлері мен басшылығын қуанту үшін әр матчта гол соғып, жеңіске жеткіміз келеді.
- «Рузаевканы» команданың бұрынғы бас бапкері Максим Шевченко жаттықтырады. Бұл матчты ерекше деп атауға бола ма?
- Иә, мен үшін бұл матч ерекше болады. Оған былтыр дәлелдей алмаған нәрселерді дәлелдегім келді.