«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Нұралы Әліп: «Туған жерімде ойнайтыныма қуаныштымын»
Қайрат

Нұралы Әліп: «Туған жерімде ойнайтыныма қуаныштымын»

29 марта 2019
/ 00:00

«Қайраттың» қорғаушысы Нұралы Әліп Қазақстан кубогы 1/8 финалының жеребесі жайында пікірін айтты.

- Туған жерімде ойнайтыныма қуаныштымын, - деді «Қайраттың» қорғаушысы Нұралы Әліп. – «Каспий» мықты ұжым, осы маусымда алдына жоғары мақсаттар қойып отыр. Команда Премьер-лигаға шығу үшін таласады. Клуб маусымаралық үзілісте құрамын күшейтіп, легионерлермен келісімшартқа отырды.

Сонымен қатар, ол 1/8 финалға қиын топтан шықты, енді Кубокта мүмкіндігінше ұзаққа барғысы келеді. Сондықтан, 10 сәуірде «Жас Қанат» стадионында жанкүйерлерді қызықты текетірес күтіп тұр. Қарсыласқа құрметпен қараймыз, бірақ жеңіс үшін ойнаймыз. «Каспийдің» матчқа жігерін айтудың да қажеті жоқ – команда бар күшін салады. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»