«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Милан Миланович: «Қайрат» көп шабуыл жасады, ал біз өз сәттерімізді күттік
Қайрат

Милан Миланович: «Қайрат» көп шабуыл жасады, ал біз өз сәттерімізді күттік

04 ноября 2019
/ 12:00

«Ертістің» бас бапкері Милан Миланович «Қайратқа» қарсы ойыннан алған әсерлерімен бөлісті.

- Нәтиже барлығын айтып тұр. Бірінші таймда керемет ойнадық: ойынның қарқыны жоғары болды, біз ойынды тез ойнадық. Ойынның екінші жартысында «Қайрат» көп шабуыл жасады, ал біз өз сәттерімізді күттік. Әрбір жақсы шабуылда гол соқтық. Біздің жолымыз болды. Қарсыласымыздың сәттері болды: штангаға тиді, содан кейін Пасеченко күрделі допты алып қалды,  бұл футбол. Біз допты алаңда жақсы жүргіздік және өз сәттерімізді жүзеге асырдық.

- Бүгін жанкүйерлердің қолдауы қалай?

- Жанкүйерлер бізге жеңіс үшін «қосымша қанаттар» берді.

- Келесі маусымда «Ертісте» бас бапкер болып қаласыз ба?

- Осындай сенімді жеңістен кейін де, соңғы ойында жеңіске жетсекте, чемпион бола алмаймыз. Келесі аптада клуб басшылығымен сөйлесеміз.

- Үзілісте командаға қандай бағдар берілді?

 - Мен атап өткендей, бірінші таймда тактикалық жағынан қажет болғандай ойнадық. Допқа күресте жеңіске жеттік, алаң ортасында басымдыққа ие болдық. Одан әрі қорғаныстан ойнадық, допты тартып алғаннан кейін дәл  пас беріп ойнадық. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»