Қазақстандық футболдың ардагері Михаил Гурман KazFootball.kz тілшісіне берген сұқбатында алматылық «Қайраттың» бас бапкері Карлос Алосты сынға алған «Астананың» спорт директоры Александр Коночкиннің сөзіне жауабын айтты:
– Коночкин мырзаның сөзі қатты таңқалдырды. Ол қазақстандық футболда бірінші жыл жұмыс істеп жатқан жоқ, спорт директоры деген лауазымы бар маманға тән емес сөздер айтады. Карлостың үлкен кәсіпқой маман екенін сенімділікпен айта аламын. Оның пікіріне құлақ асқан жөн, Карлостың командасы Премьер-лигада әлі жеңілген жоқ және Қазақстан кубогын жеңіп алды. Егер сізді шетелдік мамандардың пікірлері осылай шектеу қоятын болсақ, біздің чемпионатымыз дамуды доғарады.
Коночкиннің сөзінде орынсыз сын байқалады. Бұл Карлостың шетелдің өкілі екеніне байланысты шығар. Футболымыз дамысын десек, мұндайды доғару керек – Алос секілді мамандар бізге, сөзсіз, қажет.