«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Михаил Гурман: «Қазақстандық футболдың болашағы жарқын болатынына сенемін»
Клуб жаңалықтары

Михаил Гурман: «Қазақстандық футболдың болашағы жарқын болатынына сенемін»

20 сентября 2018
/ 00:00

Кәсіпқой футбол лигасының бұрынғы президенті әрі Қазақстандағы беделді сарапшы Михаил Гурман жақында республикалық «Sports.kz» порталына берген сұқбатында отандық футболды жақсарту амалдарын айтты.

Михаил Ильич алматылық «Қайрат» жасаған ел чемпионатындағы клубтардың қатысуымен өтетін матчтардың тіркеу парағында шетелдік футболшылардың санын азайту туралы ұсынысы жөнінде пікірін айтты.

- Алдыңғы сұқбатымда айтқанымдай, «Қайрат» футбол клубының идеясын ұсындым, алматылық клубтың басшылығы Қазақстан чемпионатының ережелеріне өзгерістер енгізілгенін қалаған болатын.

Матч тіркеуінде легионерлердің санын бес ойыншыға азайту қазақстандық футболшылардың дамуына мүмкіндік береді. Соңғы жылдары біз отандық футболшылардың неге ойын уақытын жеткіліксіз алып жүргенін көп ойламаймыз, сөйтіп алып, ұлттық құрама үлкен сынға ұшырайды. Құраманың бас бапкері Станимир Стоилов бізде еліміздің намысын халықаралық аренада қорғауға шақыруға тұрарлық сапалы ойыншылардың жетіспейтінін айтқан болатын, біз оны толығымен қолдаймыз.

Бүгінде біздің футболымыз дұрыс динамикада қозғалып келеді, бірақ нақты прогресске жету үшін батыл қадамдар қажет. Ұсыныстардың бірі: Премьер-лиганың матчтарында шетелдік ойыншылардың санын өзгерту, сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер футболына көп көңіл бөлу. Чемпионат клубтары келісімшарттарға отыруға және артық легионер қосуға көп ақша жұмсайды, бірақ бұл қаржыны академиялар мен футбол орталықтарының нақты дамуына жұмсай аламыз.

«Қайрат» бүгінде қаржыны қалай сауатты жұмсауға болатынын көрсетті және қазірдің өзінде жемісін беріп жатқан заманауи Академия құрды. Оның тәрбиеленушілері негізгі командада ойнап жүр, ал футболшылары Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ұлттық құрамаларына үнемі шақырту алып тұрады. Мысалы, Қазақстанның U-16 және U-17 құрамаларына алматылық клубтың Академиясынан 18 бала шақыртылды.

Қазақстандық футболдың болашағы жарқын болатынына сенемін. Тек әр клубтың ат салысуы қажет, ал нәтиже, сөзсіз, сол кезде келеді. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»