«Қайраттың» негізгі командасының футболшылары және бас бапкер Кирилл Кекер Жаңа жыл қарсаңында «Мейірім» балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталығына барды.
«Сары-қаралар» екі командаға бөлініп, балалар мен орталықтың қызметкерлерінің қатысуымен өткен көңілді жарыстарға қатысты. Қазылар алқасы болып Аяз Ата мен Ақшақар тағайындалды, ал олардың киім үлгісімен өнер көрсеткен біздің қақпашылар – Темірлан Анарбеков және Ефим Аитов.
Іс-шараның соңында «Қайраттың» бас директоры Асқар Есімов және команданың бас бапкері Кирилл Кекер балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, мерекелік көңіл-күйлері үшін алғыс айтты. Футболшылар балаларға жаңа жылдық сувенирлер, сондай-ақ арнайы дамытуға арналған ойыншықтар мен сабақтарға арналған дидактикалық материалдар сыйлады.
Айта кетейік, «Қайрат» ФК өкілдері балалар мен жасөспірімдерге арналған «Мейірім» оңалту орталығының іс-шараларына үнемі қатысады.