Бүгін өзінің алпысыншы туған күнін «Қайраттың» аты аңызға айналған жартылай қорғаушысы Вахид Масудов атап өтуде.
Вахид Юнусович 12 жыл футболшы ретінде «Қайраттың» түстерін қорғады. «Сары-қаралардың» шабуылдаушы тобындағы ойыны оған атақ пен даңқ әкелді. 1986 жылы танымал «Футбольное обозрение» телебағдарламасы Вахид Юнусовичті Жоғарғы лига командалары арасында КСРО чемпионатының ең әдемі голының авторы деп таныды. Бұл доп Днепропетровсктік «Днепр» қақпасына соғылған. 1988 жылы «Қайраттың» құрамында КСРО Федерация Кубогының иегері атанды.
Вахид Масудов «Қайраттың» құрамында Қазақстанның бірінші чемпионы атанып, сондай-ақ тәуелсіз республиканың бірінші Кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, ол Қазақстан құрамасының алғашқы матчында ойнаған футболшылардың бірі болды. Сол ойында біздің футболшылар Түркменстан құрамасын 1:0 есебімен жеңді.
Ойын мансабын аяқтағаннан кейін, талантты жартылай қорғаушы футболды қалдырмай, ойнайтын жаттықтырушы болды. Вахид Юнусович жаттықтырушы ретінде «Қайратта» жұмыс істеп, Қазақстанның жастар және ұлттық құрамаларын басқарды, көптеген қазақстандық клубтармен табысты жұмыс істеді.
Біздің үлкен «сары-қаралар» отбасы Вахид Юнусовичке мықты денсаулық, отбасылық амандық, жұмыста жақсы нәтижелер мен үлкен жеңістер тілейді! Мерейтойыңызбен!