«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Мерейтойыңызбен, Александр Петрович!
Клуб жаңалықтары

Мерейтойыңызбен, Александр Петрович!

06 ноября 2019
/ 12:00

Бүгін өзінің алпысыншы туған күнін «Қайрат-Жастар» командасының бас бапкері Александр Арефьев атап өтуде.

 Александр Петрович 1981 жылы Мәскеу дене шынықтыру институтын бітіріп, футбол бойынша жаттықтырушы мамандығын алды. Арефьев ойыншының мансабын ерте аяқтап, жаттықтырушылық қызметіне назар аударды. Ол «Баоканг» (Шанхай), «Цесна», «Қазақмыс» клубтарының бас жаттықтырушысы болды, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына басшылық етті.

UEFA Pro лицензиясына ие Александр Арефьев 2012 жылдан бастап «Қайраттың» құрамында жұмыс істейді. Биылғы жылдан бастап тәжірибелі маман Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында өнер көрсететін «Қайрат-Жастар» командасын басқарады.

Біздің үлкен «сары-қаралар» отбасы Александр Петровичке мықты денсаулық, отбасылық амандық, сонымен қатар командамен бірге үлкен жеңістер тілейді! Мерейтойыңызбен!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»