«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Мектеп лигасының» ақтық кезеңі аяқталды
Клуб жаңалықтары

«Мектеп лигасының» ақтық кезеңі аяқталды

17 мая 2019
/ 00:00

«Мектеп лигасының» финалдық кезеңінде Алматының сегіз облысынан оқушылар қатысты. Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу Наурызбай, Түркісіб және Жетісу ауданының оқушылары төрт жас санаты бойынша сынға түсті.

«Қайрат» футбол клубы ұйымдастырумен өткен сайысқа 32 оқу орнынан 320 оқушы қатысты. Тартысқа толы сайыста үздіктер анықталып, Шымкентте, Нұр-Сұлтанда және Қарағандыда өтетін республикалық турнирге жолдама алғандар белгілі болды.

Турнирге клуб Академиясының техникалық директоры, ҚР білім және ғылым Министрлігі өкілдері және «Қайрат» ФК ардагерлері қатысты. Барлық қатысушылар медальмен, дипломмен марапатталып, құнды сыйлықтар табысталды.  

Турнир қорытындысы:

2009 ждүниеге келгендер:

1-орын: Медеу ауданы

2-орын: Әуезов ауданы

3-орын: Бостандық ауданы

2010 ж.

1-орын: Түрксіб ауданы  

2-орын: Әуезов ауданы

3-орын: Бостандық ауданы

2011 ж.

1-орын: Наурызбай ауданы

2-орын: Медеу ауданы

3-орын: Әуезов ауданы

2012 ж. 

1-орын: Әуезов ауданы

2-орын: Түрксіб ауданы

3-орын: Бостандық ауданы
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»