«Қайрат» Академиясында дәстүрлі «Мектеп лигасы» турнирінің 3-ші финалдық кезеңі өтті.
«Қайрат» футбол клубының С. П. Квочкин атындағы Академиясының алаңында 22-23 мамырда «Мектеп лигасының» үшінші финалдық кезеңі өтті, оған Алматы қаласы мектептерінің оқушылары қатысқан. Қатысушылар саны 300 баладан асып кетті. Ал «Мектеп лигасының» қорытындысы бойынша, әр жастарда мына командалар жүлдеге ие болды:
2008 ж.т.
1-орын: Алмалы ауданының №147 мектебі
2-орын: Наурызбай ауданының №187 мектебі
3-орын: Әуезов ауданының №1 мектебі
2009 ж.т.
1-орын: Жетісу ауданының №177 мектебі
2-орын: Түрксіб ауданының №198 мектебі
3-орын: Алатау ауданының №160 мектебі
2010 ж.т.
1-орын: Жетісу ауданының №177 мектебі
2-орын: Түрксіб ауданының №198 мектебі
3-орын: Бостандық ауданының №73 мектебі
2011 ж.т.
1-орын: Медеу ауданының №131 мектебі
2-орын: Жетісу ауданының №177 мектебі
3-орын: Түрксіб ауданының №59 мектебі
Турнир қорытындысы бойынша, барлық жүлдегерлерге құрметті кубоктар, медальдар мен дипломдар табысталды. Номинациялар бойынша үздік ойыншыларға: үздік қақпашы, үздік шабуылшы, үздік қорғаушы және үздк ойыншыға құнды сыйлықтар берілді. Марапаттау рәсіміне «Қайраттың» құрметті ардагерлері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дене шынықтырудан ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығының бас директоры Сағындық Мұстафаев, қаладағы білім басқармасының Қалалық дене шынықтыру және спорт білім-тәжірибелік орталығының директоры Елнар Назаров қатысты.
Турнирдің барлық қатысушыларына, Алматы аудандарының оқытушыларына Премьер-лига аясындағы «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары арасындағы алдағы ойынға 400 билет сыйға берілді. Сонымен қатар, қатысушылар мен олардың ата-аналарына «1+1» акциясы мен «Kairat Camp» жазғы спорттық- сауықтыру лагері туралы ақпарат ұсынылды.
«Мектеп лигасында» атқарған адал жұмысы үшін Алматыдағы 8 ауданның әдіскерлеріне алғыс хаттар табысталды.