«Қайраттың» баспасөз қызметі «сары-қаралардың» бас бапкері Алексей Шпилевскиймен сұхбат сериясын жалғастыруда. Материалдар аясында команда жетекшісі өткен маусымның қорытындысын шығарды. Екінші бөлім «Қайраттың» легионерлеріне арналған.
- Алексей Николаевич, біздің ауқымды сұхбатымыздың бірінші бөлігінде біз «Қайрат» тәрбиеленушілері туралы айттық. Енді клубтың шетелдік ойыншыларына тоқталғымыз келеді. Қорғаушылардан бастаймыз ба?
- Қорғаныс бөлігінде алаңдағы футболшылардың арасында ең көп ойын өткізген қорғаушыдан бастайын. Бұл Дино Миканович. Біз Диноны көргенде, бізге қажет футболшы екенін бірден түсіндік. Ол Данияда біздің философиямызға жақын футбол ойнаған. Дино әрдайым шабуылдарға қосылып, ойынның барлық кезеңдерінде жақсы жылдамдық көрсетті. Сондықтан да біз оның екінші оқу-жаттығу жиынында командаға қосылған кезінде қуандық. Ия, оған біздің талаптарға бейімделуге біраз уақыт қажет болды. Бірақ ол, тез таптырмас футболшы болды және тамаша маусым өткізді. Статистикалық деректер мұны растайды. Биылғы жылы Диноның да әке атанғаны қуантады. Командамызда бала дүниеге келгені үлкен қуаныш. Қазір ол керемет кезеңді басынан өткізіп жатыр. Отбасының жанында демалыс. Оны жаңа күшпен және эмоциялармен қаңтар айында күтеміз. Диноның серіктесі Раде Дугалич біздің қорғаныстағы қамалымыз. Ол КПЛ-дағы ең қауіпті орталық қорғаушы. Оның чемпионатта бес гол соққаны бұл фактіні растайды. Ол әрдайым қуатталған, жекпе-жекте жеңіске жетуге, шабуылдарға қосылуға, қақпаға соққы жасауға тырысады. Әрине қорғаныста жақсы ойын көрсетеді. Статистикалық көрсеткіштер бойынша ол жеңіске жеткен жекпе-жектер бойынша үздіктердің бірі. Сонымен қатар, Раде жас футболшылардың дамуына үлкен әсерін тигізіп жатыр. Нұралы Әліп онымен бірге ойнай отырып, өз шеберлігін дамытуда.
- Жартылай қорғауда кімді ерекшелейсіз?
- Осы маусым барысында әке атанған тағы бір футболшы Конрад Вржещиньскийді ерекшелегім келеді. Мұндай үлкен оқиға оның ынтасының тағы да өсуіне көмектесті. Конрад, мүмкін, шабуылда бірге-бір ойнайтын ең креативті футболшы емес, бірақ ол өте жылдам, және ол шын мәнінде күресуге, ойнауға, барлық жүз пайызға барын салуға тырысады. Ол әрдайым дамуға, өсуге дайын. Маусым бойы жартылай қорғаушы ойында қатты қосты. Тіпті егер ол бірдеңені дұрыс жасамаса да, оны кешіруге болады. Конрад өте көп жұмыс істейді. Мұның бәрі көрерменге көріне бермейді. Ол допқа қарсы ойында, допты қарсыластан алып қоюда, ауыстыруда пайдалы. Ал, шабуылдағы оның ашылуы әрдайым өткір болып, шабуылшы футболшыларға: Мартон Эппельге, Дерин Эсеолаға, Бауыржан Исламханға көмектесті. Сонымен қатар, ол чемпионатта сегіз голдық пас берді, бұл әлі шегі емес. Матч барысындағы суретті өзгерткенде, Конрад басқа позицияда ойнай алатынын ұмытпау керек. Мысалы, соңғы қорғаушы.
- Қазақстан чемпионатында ең нәтижелі болған форвардтар дуэті туралы не айтасыз?
- Биылғы маусымда бізде шабуылшылардың үздік дуэті болды. Екеуіне есептегенде, олар 35 гол соқты. Бұл сан көп нәрсені айтып тұр. Бастапқыда біз шабуылда бір ғана форвардты қолдандық, содан кейін екі таза шабуылшымен ойынға көштік. Мартонға да, Деринге де біздің стильге үйрену оңайға түспеді. Біз мұны жиындарда көрдік. Мартон Эппель демалыстан кейін керемет физикалық қалыпта болмады. Оған кондиция қосуға, ойын суретіне үйренуге, барлығының әр эпизодқа қосылу керектігіне уйрену үшін уақыт қажет болды. Оның осы жылға риза екенін білемін. Ол өзінің бұрын-соңды мұндай жеңіл сезінбегенін айтты. Футболшының прогресс жасап жатқаны қуантады. Меніңше, оның өткен маусымға қарағанда көп гол соққаны көп нәрсені айтып тұр. Мартон баспен жақсы ойнайды, сонымен қатар ол қорғаушыларды өзіне тартып, Деринге аймақта ашылуға мүмкіндік тудырады. Бұл үлкен плюс. Адеринсола Эсеолада да ұқсас жағдай. Ол да допсыз жүгіруге үлкен әуесқой емес. Бірақ ол дамыды, қойылған талаптарды қабылдап, командаға өте жақсы көмектесті. Сонымен қатар, КПЛ үздік мергені атанды. Екі форвард та одан да жақсы ойын көрсете алатыны, көп гол соға алатыны түсінікті. Бұл олардың максимумы емес. Менің ойымша, Мартон мен Дерин жақсы маусым өткізді және қазір орнымен демалып жатыр.