«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Маусымының қорытындысы. Алексей Шпилевский. Бірінші бөлім.
Қайрат

Маусымының қорытындысы. Алексей Шпилевский. Бірінші бөлім.

28 ноября 2019
/ 12:00

«Қайраттың» баспасөз қызметі «сары-қаралардың» бас бапкері Алексей Шпилевскиймен сұхбат сериясын бастады. Материалдар аясында команда жетекшісі өткен маусымның қорытындысын шығарды. Бірінші бөлім «Қайраттың» жас футболшыларына арналған.

- Алексей Николаевич, қорытынды материалдың бірінші бөлімінде клубтың жас ойыншылары туралы естігіміз келеді. Өздерін көрсете алған Академия тәрбиеленушілері туралы.

- Барлық команда алға қадам жасады. Біз келісе отырып,  одан әрі команда құратын жақсы іргетас қаладық. Оған біздің жетістіктеріміз тәуелді болады. Мен алдына үлкен мақсат қоятын, үлкен клубқа келдім. Мен көп жас ойыншылардың ойнауы – белгілі бір тәуекелді қажет ететінін  түсіндім. Бірақ олардың менің көңілімді қалдырмайтынын білдім. Академия тәрбиеленушілері сенімді ақтады. Егер әр ойыншыға жеке тоқталсақ, қақпашыдан бастайын. Клуб тәрбиеленушісі Данил Устименко біздің үшінші голкипер болды. Ол өзін жаттығуларда барын салатын, өте талантты жігіт ретінде  көрсете білді. Бұл қуантады. Ол барлық жағынан шеберлігін арттырып, қақпашы ретінде қатаюы үшін, келесі маусымда негізгі құраммен тығыз байланыста болады. Онымен біздің қақпашылар бойынша жаттықтырушы Саша Март жемісті жұмыс істеуде. Нұралы Әліп, жастығына қарамастан, тәжірибесі бар ойыншы. Осы маусымда Қазақстан чемпионатында тағы да көп ойын ойнады. Физикалық және ментальдық жағынан қатайған. Ол атлетикалық мықты, аяғында нық тұрады. Тұрақты ойын көрсетеді, қателіктерге жол бермеуге тырысады. Ол прогресске, уйренуге дайын. Нұралы әрдайым кеңестерге құлақ асады, маңызды ақпаратты өзіне сіңіреді.

- Бізде жартылай қорғауда ойнайтын ойыншылардан үлкен таңдау бар. Болашақта жастардан кім мүмкіндік алады?

- Бәрінен де жақсы прогресс көрсетіп жатқан ойыншыдан бастайын. Бұл Айбол Әбікен. Мен үшін - бұл футболшы маусымның үлкен жаңалығы. Оның өткен маусымдағы ойындарын көрген кезде менде күмәндану болды. Бірақ мен оны бірінші оқу-жаттығу жиынында көргенде, алдымда мүлдем басқа футболшы тұрғанын түсіндім.  Ол маусым барысында прогресс жасай бастады, әрине бұл бапкерлер штабын қуантады. Ол Қазақстан құрамасына шақыртуды орнымен алды. Онда ол осы позициядағы негізгі футболшылардың бірі. Мен оған өте ризамын. Рамазан Оразов техникалық жағынан жақсы жарақталған, тамаша ойын интеллектіне ие. Маусымның соңында Рамазанда аздаған құлдырау болды. Бірақ бұған себептер бар. Біз бұл жайды онымен талқыладық. Ол келесі маусымды жақсы бастағысы келеді. Оның құрамадағы орны үшін күресетініне сенімдімін. Бізбен бірге оқу-жаттығу жиынына, Академияның тағы бір тәрбиеленушісі - Адам Адахаджиев барады. Адамның позициясында үлкен бәсекелестік. Соңғы маусымда ол чемпионат аясында бір рет ойнады, бірақ «Қайрат-Жастар» құрамында өте жақсы маусым өткізді. Сондай-ақ, Қазақстан жастар құрамасында тұрақты ойнады. Адам өз-өзімен жұмыс істеуге дайын екенін дәлелдеді.  Ол ең жылдам футболшы емес, бірақ ол алаңда үлкен жұмыс атқарады. Осынысымен ол орталық жартылай қорғаушы позициясында өте пайдалы. Оның еңбекқорлығы мен табандылығы маған ұнайды. Мен оның жұмысқа қабілеттілігін бағалаймын.

Сұлтанбек Астанов ерекше ойлау қабілетіне ие, бұл оның шабуылдағы әрекеттерінен анық байқалады. Иә, ол қапталдағы ойынға жиі әуестенеді, өткірлікті іздемейді, бірақ біз мұнымен жұмыс жасаудамыз. Келесі маусымда да жұмысты жалғастырамыз. Ең бастысы, Сұлтанбек оған үміт артатынымызды түсініп, прогресс жасауға ұмтылу керек. Барлығы оның қолында. Үлкен болашақ күтіп тұрған тағы бір жас ойыншы-Еркебұлан Сейдахмет. Соңғы екі жылда оның аз ойын ойнағаны өкінішті. Бірақ қазір ол дұрыс клубта. «Қайратта» оны жақсы көреді, оған сенеді, прогресс жасауға көмектеседі. Футболшы физикалық кондиция жағынан, күш-қуат жағынан қосуға ұмтылуы керек. Еркош жақсы қасиеттерге ие: ол ақылды, техникалық жағынан жақсы жарақталған, қарсыласпен таласқа баруда қорықпайды. Ең бастысы-ол ойнағысы келеді және допты іздейді. Бірақ оған тиімділікке жұмыс істеу керек. Және өнімділікке. Сондықтан да оған маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны өте пайдалы болатыны анық.

- Өзін негізгі құрамда көрсете алған Академияның жас шабуылшылар туралы әңгімені аяқтасақ.

- Жастар құрамасындағы Адам Адахаджиевтың серіктесі Вячеслав Швыревтен бастаймын. Ол тек 18 жаста, ол академияның жоғарғы командасы үшін өнер көрсете алатын еді. Бұл ретте, ол қазірдің өзінде «Қайраттың» негізгі құрамы үшін көптеген матч өткізді. Бұл оның ересектермен күресуден қорықпайтынын көрсетеді.  Ол жас, бірақ алаңда саспайды. Маған Славаның қарсыластың қорғанысына үлкен қысым көрсететіні ұнайды. Оған әлі де шабуылдардың аяқталуына және де қызыл аймақтағы әрекеттеріне қатысты жұмыс жасау қажет. Онда ол тиімді болуы керек. Слава үлкен еңбекқорлықпен жұмыс істейді. Біз оған үміт артамыз. Оның өзін көрсетуге мүмкіндігі бар. Артур Шушеначев «Қайрат-Жастар» сапында тамаша маусым өткізіп, көп гол соқты. Ол өте жақсы конституцияға ие. Фактурасы жағынан ол Мартон мен Деринге ұқсас. Артурға ойында әлі қатаңдық жетіспейтіні түсінікті. Ол өзін қозғауға, жеңуге мүмкіндік береді. Бұл жағынан жұмыс істейтін боламыз. Тәжірибесі көбейген сайын, оның өз күшіне сенімділігі, шабуылдарды аяқтағанда салқынқандылығы артатын болады. Әрі қарай жұмыс істейміз. Біз чемпионаттың соңында Артурды пайдаландық. Ол біздің сенімді ақтады. Біз келесі маусымда оған үміт артамыз. Оған маусым алдындағы үш ай көмектесу керек.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»