Осы аптаның соңында алматылық «Қайрат» клубтың спорттық базасына жиналады.
8 қаңтарда негізгі команданың маусымның басына дейін жалғасатын екінші оқу-жаттығу жиыны басталады. Жиынның алғашқы күндерінде футболшылар бірнеше топқа бөлініп, медициналық тексеруден өтеді.
«Сары-қаралардың» жаттығу базасында ультразаманауи инфрақұрылыс салынған: оның аймағында төрт толықкөлемді футбол алаңы (оның екеуі жылыту жүйесімен жабдықталған), жабық манеж, жоғарытехнологиялық жаттығу залы мен Footbonaut бірегей жаттығу құрылғысы бар.
Одан бөлек, база футболшыларға қажетті техникалармен жабдықталған заманауи медициналық орталық арқылы көмек тигізе алады. Қалыпқа келу бөліміне жүзу бассейні, фин саунасы, криосауна және массаж кабинеттері кіреді.
Тұрғын блогында ойыншылардың өмір сүру үшін өте қолайлы нөмірлер, спорттық тағамдар берілетін мейрамханалық кешен мен бос уақыт өткізетін бөлмелер бар.