«Қайраттың» шабуылшысы Мартон Эппель «Жетісу» командасына қарсы матч туралы өз ойымен бөлісті.
- Мартон, неге бүгін гол соғу бұйырмады?
- Жақсы сұрақ. Біз бірінші 45 минутта жақсы ойнадық. Алаңның ортасында көп доп жоғалттық. Бірақ қарсыластан әлдеқайда белсенді болдық. Үзілістен кейін біз жақсы ойнай бастадық. Жоғарғы жылдамдық көрсеттік, бірақ гол соға алмадық. Шамасы, шабуылдарды жиі ұйымдастыру керек еді.
-Сенің пасыннан кейін Бауыржан Исламхан гол соға алмай қалды. Сол сәтте не болды?
- Голға ең жақын болған сәтіміз сол шығар. Жақсы шабуыл жасап, қарсыластың қорғанысын тығырыққа тіредік. Өкінішке орай, доп қақпадан биік кетті.
- Қарсылас көп уақыт бойы командамен қорғанды.
- Иә, қарсыласқа лайықты баға беру керек. Олар жақсы қорғанды. Талдықорғандықтардың қорғанысында мықты футболшылар ойнайды. Мүмкін, олардың деңгейі соншалықты жоғары емес шығар, бірақ, тоғыз футболшы бірігіп қорғанған кезде сауатты ойнайды. Яна Вороговскийден, немесе Дино Микановичтен қапталдан пас алған кезде алдымда үш ойыншы пайда бола кетеді. Сондай-ақ, «Жетісу» қалай қарымта шабуыл ұйымдастыруды да жақсы біледі. Допты алғаннан кейін, оны бірден біздің айып алаңға жеткізуге тырысады.