- Мартон, жеңісіңмен және дубль авторы атануыңмен құттықтаймын!
- Рақмет! Ең бастысы, біз бүгін үш ұпай алдық. Екі гол салғаныма да қуаныштымын. Бұл мен үшін өте маңызды. Араға үш күн сайын ойын өткізіп жатырмыз. Қазіргі таңда «Ордабасыға» қарсы кездесуге дайындалудамыз.
- Сен алаңға негізгі құраммен шықтың және гол соқтың. Осы мүмкіндіктер үшін бапкеріңе алғысыңды жеткіздің бе?
- Иә, алаңға тек чемпионаттың екі матчында ғана екі рет негізгі құраммен шықтым. Одан бұрын Дерин Эсеола ойнап жүрді. Бүгін осындай мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Және оны қолдана білгеніме де ризамын. Мен өз күшіме сенемін. Негізгі құрамға еніп, матчты кім бастағысы келмейді?! Командада да тағы да басқа гол соға білетін ойыншылар бар екенін де ескеру қажет. Бәсекелестік болғаны да жақсы.
- Бірінші голың туралы айтып өтсең.
- Мен бұл голдың стандартты жағдайда соғылғаны есімде жоқ. Тек Айбол Әбікеннің маған берген пасын қақпаға соққаным есімде, шамасы сол аяғыммен.
- Екінші голсоғу барысында Конрад Вржещиньскиймен жақсы ойын көрсеттің.
- Иә, ойынның тоқсаныншы минуты болса да Конрад допқа таласта жеңіп, маған пас берді. Мен де қарсыласты алдай отырып, допты қақпаға дәл көздедім. Конрадқа алғыс айтамын, ол керемет пас берді. Конрад екеуміз бір-бірімізді тез түсінетініміз қуантады.
- Байқағаным, алаң сыртында да жақсы доссыздар.
- Иә, біз жақсы қарым-қатынастамыз. Ол «Қайратқа» ауысқанда оған командаға тең сіңісіп кетуіне көмектестім. Бесағаштағы базада бөлмелеріміз көрші орналасқан. Оның үстіне бір үйде тұрамыз. Алаң сыртында ортақ дүниеміз көп
- Жұбайларыңыз да жақсы қарым-қатынаста екенін білемін.
- Иә, төртеуміз уақытымызды жиі бірге өткізуге тырысамыз. Таңертең бірге ауқаттанып, тауға да бірге шығамыз. Алаңнан тыс уақытта да араласып жүргеніміз футбол кезінде бір-бірімізді жақсы түсінуге зор көмегін тигізеді.