«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Мартон Эппель: «Есімде, матчтың бес минутынан кейін футболкаларымыз шылқыған су болды»
Қайрат

Мартон Эппель: «Есімде, матчтың бес минутынан кейін футболкаларымыз шылқыған су болды»

22 июля 2019
/ 11:00

 «Тобылдың» қақпасына екі гол соққан, «Қайраттың» шабуылшысы Мартон Эппель, жарқын жеңістен кейінгі өзінің көңіл-күйі және де өзінің Беэр Шевалық «Хапоэльге» қарсы ойыны жайлы ой бөлісті. Шабуылшы «Гонведа» құрамында израильдықтарға қарсы екі матч ойнаған.

- Мартон, жарқын жеңіспен құттықтаймын! Дубльмен!

- Көп рахмет! Мен дубль жасағаныма қуаныштымын! Мен біздің тағы бір жеңіске қол жеткізгенімізге, өз қоржынымызға үш ұпай салғанымызға одан да қуаныштымын. Біз есеп 0:2 болғанына берілмей, мінез көрсетіп,«Тобылды» жеңдік.

- Қай голға қатты қуандың, біріншісіне немесе екіншісіне ме?

 - Бірінші жағдай да Дерин Эсеола жақсы позицияда тұрғанын және де оның қақпаға соққы бағыттайтынын көрдім. Қақпашы допты қайтарған жағдайда, допты қайта қақпаға ұру үшін алыстағы штангаға қарай бағыт алдым. Менің жолым болып, мен оның соққысын аяқтадым.Доп қорғаушының аяғының ортасынан өтіп, менің аяғыма келіп, гол соқтым. Екінші голға келер болсақ, ол күтпеген жерден болды. Шынымды айтсам, мен нашар соққы ұрдым. Бірақ, доп дұрыс бағыт алып, қақпаға түсті.Осылай болғанына қуаныштымын.Екінші жартысында біз қарсыласқа қатты қысым көрсеттік, сондықтан да голдар бұдан да ерте соғылу керек еді. Біз шынымен де қарсыластардан барлық жағынан басым болдық.

-Матч кезіндегі ауа райы жайлы не айтасың?

- Ауа райы керемет болды! Дауылды жел, қатты нөсер! Бақыт үшін тағы не қажет? Бірінші таймда біз желге қарсы ойнадық, бұл жайт біздің паспен комбинациялық футбол ойнауға кедергісін келтірді.Ең маңыздысы, біздің үзіліске 2:1 есебімен кеткеніміз. Бато (Исламхан) керемет жылдамдық көрсетіп, біз Еркош (Сейдахмет) екеуміз екі қорғаушыға шықтық. Біреуі Батоның пасын жабуға кетіп, мен жақын штангаға жүгірдім. Екінші қорғаущы менің артымнан ерді.Капитан осыны көріп жабылмаған Сейдахметке пас берді. Еркош керемет ойын көрсетіп, баспен гол соқты. Ол өте жас және талантты ойыншы.

 - Біз ертең Израильге ұшамыз. Бізді «Хапоэльге» қарсы матч күтуде.

 - Екі жыл бұрын мен «Гонведа» құрамында «Хапоэльге» қарсы ойнадым.Бұл Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі болған.Израильдық ұжым өте мықты команда ретінде есте қалды.Түсінікті, олар қазір өзгерді. Біз өз күшімізге сенімдіміз және де барымызды саламыз. Бізге қарсы ойнайтын бірақ нәрсе, қатты ыстық ауа райы. Ол жер құрғақ, ыстық. Есімде, матчтың бес минутынан кейін футболкаларымыз шылқыған су болды.

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»