«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Мартон Эппель: «Егер де сен өз мүмкіндігіңді пайдаланбасаң, онда ұтыласың»
Қайрат

Мартон Эппель: «Егер де сен өз мүмкіндігіңді пайдаланбасаң, онда ұтыласың»

26 августа 2019
/ 11:00

«Сары-қаралардың» шабуылшысы Мартон Эппель «Оқжетпеске» қарсы ойынға қатысты өз пікірін білдірді.

- Мартон, матчқа қандай баға бересің?

- Егер де сен өз мүмкіндігіңді пайдаланбасаң, онда ұтыласың. Бүгін бізде көп мүмкіндіктер болды, біз оларды пайдаланбадық. Сондықтан, біз ұтылдық.

- Үзіліс кезінде бірінші таймға байыпты талдау жасалды ма?

- Иә, біз бәрін талқыладық. Бірінші тайм сәтсіз аяқталғанын барлығы түсінді. Екінші таймда біз белсенді ойнадық, дұрыс бағдармен әрекет еттік. Біз шынымен де қысым жасадық, бірақ өкінішке орай, біз гол сала алмадық. «Оқжетпес» жақсы ойнады. Бұл нағыз «катеначчо»  болды. Олар допты жәй ғана алысқа теуіп жіберіп ойнаудан ұялмады.

- Сондықтанда «Қайратта» 17 бұрыштама болды.

- Ия. Бұрыштамадан бағытталған соққылар әрине мүмкіндік, бірақ гол емес екенін түсінуміз керек. Голдың жартысы да емес. Біз шығарылған доптарды барынша пайдалануға тырыстық, бірақ «Оқжетпестің» қорғаушылары мен қақпашысы қақпа алдында өте жинақы ойнады. Осындай командаларға қарсы біз барынша тиімді ойнауымыз қажет.

 

 

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»