«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Мартон Эппель: «Бұл жеңістен біздің жанкүйерлер де қуат алғанына сенімдімін»
Қайрат

Мартон Эппель: «Бұл жеңістен біздің жанкүйерлер де қуат алғанына сенімдімін»

30 сентября 2019
/ 11:00

«Қайраттың» шабуылшысы Мартон Эппель «Ордабасыға» қарсы маңызды жеңіс туралы және матчтағы дубльі туралы айтты.

- Мартон, маңызды жеңіспен құттықтаймын!

- Үлкен рахмет! Бұл матчта барлық команда өте жақсы ойнады деп ойлаймын. Біз маңызды жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз. Біз жеңіске дайындалдық, барлығы оны көрді. Бұл жеңістен біздің жанкүйерлер де қуат алғанына сенімдімін.

- Матч алдында сен гол соғуға уәде бердің, соңында екі гол соқтың!

 - Иә, мен сөзімде тұрғаныма өте қуаныштымын! Бірінші жағдайда мен бұрыштан берілген керемет пастан кейін гол соқтым. Бато (Исламхан) жоғарлатып керемет пас берді, мен айып алаңына жүгіріп барып, баспен соққы  жасадым. Қорғаушы допты көрмеген сияқты. Екінші гол соғылған жағдайда, Дерин Исламханнан жақсы пас алып, аймаққа кіріп, соққы жасады. Мен жылдам ойын көрсетіп, бірінші соққыдан гол салдым. Бәрі ойдағыдай болды.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»