«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Мартон Эппель: «Бұл айып алаңдағы фол болды. Таза пенальти»
Қайрат

Мартон Эппель: «Бұл айып алаңдағы фол болды. Таза пенальти»

22 сентября 2019
/ 11:00

«Қайраттың» шабуылшысы Мартон Эппель «Қайсармен» болған матчтағы голдық эпизодтар және де тағайындалмаған пенальти жайлы айтты.

- Мартон, маңызды жеңіспен құттықтаймын!

- Рахмет! Біз бірінші таймға жақсы жауап қайтара алдық. Бізде гол соғатын сәттер болды, біз оларды жүзеге асыра алмадық. Дұрыс қорытынды жасай отырып, біз қажетті нәтижеге қол жеткізе алдық. Барлығы үш ұпай алғанымызға өте бақытты. Біздің президентті құттықтаймын, ертең оның туған күні! Біздің мерекеге кішкентай сыйлық жасағанымызға қуаныштымыз.

- Сені бірінші таймның соңында, айып алаңда шалды. Пенальти болды ма?

- Пенальти, менің ойымша, сөзсіз болды. Мен қорғаушының алдында болдым, ол маған секіріп, доп қабылдауға кедергі жасады. Бұл айып алаңдағы фол болды. Таза пенальти.

- Сен голға үлкен үлес қостың.

 - Мен Батоның (Исламхан) жоғарлатып берген жақын штангаға қарай жүгірдім. Мен допқа тиемін деп үміттендім, бірақ бұл жүзеге аспады. Қақпашыны шатастырғаныма қуаныштымын, ал Раде Дугалич гол соқты. Оның оң жақпен қалай соққы жасағанын білмеймін, бірақ доп қақпаға кірді. Бір қозғалыспен ол осындай маңызды гол салды! Жақсы ұжым осынысымен ерекшеленеді – форвардтар немесе жартылай қорғаушылар соқпай қалған кезде, оларға қорғаушылар көмекке келеді. Бүгін де солай болды. Бұл өте маңызды!

- Сондай-ақ, сенде ойынның бірінші жартысында голдық пастың авторы болуға мүмкіндік болды.

- Иә, маған бұл шабуыл ұнады. Мен сол қапталдан, Конрадтан (Вржещиньскіден) доп алдым, Исламбек Қуаттың жабылмағанын көрдім. Дәлірек айтқанда, мен алдымен бұрылып, соққы жасағым келді, бірақ Қуаттың жақсы позицияда тұрғанын көрдім. Мен оған допты бағыттап, голды тойлауға дайындалдым. Штанга кедергі жасады. Бүгін голдық пас жасағым келді! Ештеңе етпейді, келесі матчта жасаймын.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»