«Қайраттың» шабуылшысы Мартон Эппель талдықорғандық «Жетісуға» қарсы матчта алматылық команда сапындағы екінші голын соқты. Ойыншы клубтың ресми сайтына матч нәтижесі мен өз ойыны жайында айтты.
- Бұл қиын ойын болды, себебі қарсылас 85 минут бойы қорғанысқа көңіл бөлді. Олар қарымта шабуылдар жасауға тырысты, ал біз ойынды бақылауда ұстадық. Бірақ әдеттегідей баяулау қимылдадық. Себебі бұл Андорраға барып қайтқан ұзақ сапарымыздың салдарынан деп ойлаймын.
«Қайраттағы» мансабым жақсы басталды. Маған жетістік өте маңызды, мұнда командаға мақсатына жетуге көмектесу үшін келдім. Қазір бақыттымын, бірақ бізде сезімге бөлінетін уақыт жоқ, себебі кесте ауыр.