ЦСКА қақпасына соғылған бір голдың авторы Марлен Айманов «әскершілерге» қарсы матч нәтижесі жайында ойын айтты.
- Жалпы матч тартысты болды, ойынды бақылауда ұстауға тырыстық, бірінші болып қажетті емес гол жіберіп алдық. Сөйтіп, жағдайымызды өзіміз қиындаттық. Шабуылдаушы футболды ұстануға тырыстық, кей сәтте қолымыздан келді.
- ЦСКА-ға қарсы соңғы матчтан кейін қарсыласты жақсырақ білдік деп айта аласыңдар ма?
- Өзгерістер енгіздік, қарсылас біртипті футбол ойнайтынын білдік, өз ойынымызды көрсетуге тырыстық. Бірнеше қауіпті мүмкіндіктеріміз болды, бірақ пайдалана алмадық. Еңбегімізді жалғастырамыз!