«Қайрат» жастар командасының шабуылшысы Марлен Айманов «Атырауға» қарсы матч туралы пікірін айтты. Алматылықтар «мұнайшылардан» айласын асырған еді – 1:3.
- «Атырауға» қарсы матч ауыр өтті, күреске толы болды. Біз допты бақылауда ұстауға тырыстық, кей сәттерде қолымыздан келді, нәтижесінде қауіпті шабуылдар жасап, үш гол соқтық. Осы маусымда алдымызға үлкен мақсаттар қойып отырмыз, орындауға тырысамыз.