«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Мариборды» сенімді жеңдік
Қайрат

«Мариборды» сенімді жеңдік

14 февраля 2019
/ 00:00

«Қайрат» - «Марибор» 1:0

Гол: Сәрсенов (77')

«Қайрат»: Владимир Плотников (Қ) - Сергей Политевич, Раде Дугалич, Нұралы Әліп, Ғафуржан Сүйімбаев - Ян Вороговский, Исламбек Қуат (К), Рифат Нұрмұғамет, Георгий Жуков, Хан Чжон Ву - Адеринсола Эсеола.

Резерв: Данил Устименко (Қ) - Александр Соколенко, Сергей Кейлер, Рамазан Оразов, Магомед Парагульгов - Мартон Эппель, Вячеслав Швырев, Самат Сәрсенов.

«Марибор»: Кенан Пирич (Қ) - Денис Клинар, Марко Шулер, Мартин Милец, Дино Хотич - Мартин Крамарич, Александру Кретцу, Амир Дервишевич - Ясмин Мешанович, Маркус Тавареш.

Резерв: Альяз Котман, Митя Вилер, Саша Ивкович, Александр Райчевич, Лука Ускокович, Блаж Врховец, Даре Вршич, Алекс Пихлер, Фелипе Дос Сантос. 

«Қайраттың» Түркиялық жиындағы үшінші жолдастық матчы жеңіспен аяқталды. Допты өз иелігінде ұстаған қайраттықтар үзіліске дейін есепті аша алмады. «Мориборға» қарсы кездесудің тағдырын шешкен жалғыз голды Самат Сәрсенов 77-ші минутта соқты.

Матч қазақстандық футбол клубының шабуылымен басталды. Алексей Шпилевскийдің шәкірттері бірінші секундтан бастап бапкердің жоспарын орындап, жылдам әрі қарқынды әрекет етті. Таймның алғашқы бөлігінде «сары-қаралар» екі жақсы шабуыл жасады. Олардың бірі Кенен Пирич қақпасына дәл соққы бағыттаумен аяқталған. Қақпашы өз иелегін құтқарып қалды.

Маркус Тавареш бастаған «Морибор» шабуылда ештеңе жасай алмады. Таварештің өзі алғашқы минуттарда тек офсайдқа түсуімен және қолмен ойнауымен ғана есте қалды. Алматылықтардың айып алаңына асырылған пастардың бәрін Раде Дугалич кері қайтарып тастады, ол 90 минут бойы «әуе патшасы» болды.

Бірінші таймның ортасында Георгий Жуков словениялықтардың қақпасына екі жойқын соққы бағыттады. Сондай-ақ, Адеринсола Эсеола да мүмкіндікке ие болды. Өкінішке қарай, форвардтың соққысы сәл биік кетті. «Марибор» бұған Таварештің соққысымен жауап қатқан. Бірақ ол Владимир Плотниковке ешқандай қиындық туғызған жоқ. Үзіліске бес минут қалғанда Жуков алыстан тағы бір соққы жасады, бірақ доп маңдайшадан биік кетті.

Екінші таймда «сары-қаралардың» құрамында бірнеше өзгерістер болды. Алексей Шпилевский негізгі құрамның үш ойыншысын (Исламбек Қуат, Раде Дугалич, Сергей Политевич) ғана қалдырып, басқа футболшыларды алаңға жіберді. Үзілістен кейінгі алғашқы минуттарда Сергей Кейлер мен Ян Вороговский жылдам шабуылдармен словениялықтардың қорғанысынан саңлау іздеді. Сондай-ақ, Фелипе Дос Сантостың соққысынан кейін алматылықтардың жас қақпашысы Данил Устименконың әдемі сейвін атап өтуге болады.

«Қайраттың» толық өзгерген шабуыл шебі қорғаушылар мен қақпашыға жиі қысым жасады. Нәтижесінде, бұл голға алып келді. 77-минутта алматылықтардың шабуылы Пиричтің айып алаңына жақын тұста тоқтатылған, бірақ үш секундтан соң қайраттықтар допты қайта тартып алды. Самат Сәрсенов допты қабылдап алып, матчтың есебін ашты.

Кездесудің аяғына қарай, «Қайрат» басымдықты ұлғайтуға жақын болған, бірақ словениялықтардың тәжірибелі қақпашысы допты өз иелегіне екінші рет өткізбеді. 1:0 – «Марибордан» ойынның барлық тұстарында басым болған «сары-қаралардың» сеінімді жеңісі.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»