«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Марек Зуб: «Біз үшін өте маңызды ұпай»
Қайрат

Марек Зуб: «Біз үшін өте маңызды ұпай»

21 октября 2018
/ 00:00

 «Тобыл» командасының бас бапкері «Қайратқа» қарсы өткен матчтың нәтижесіне қатысты пікір білдірді.

- Біз үшін бұл маусымдағы басты мақсат – үшінші орынды сақтап қалып, Еуропа Лигасының жолдамасын ұтып алды. Ойынға қарап 90 минут бойы алаң ортасындағы тарыста жеңілгенімізді көруге болады. Біздің жоспар бойынша қорғаныста мығым болып, қарымта шабуыл мен стандартты жағдайда өз мүмкіндігімізді пайдалану болды. Біздің қақпаның алдында да, біздің де гол соғатын мүмкіндігіміз болды. Нәтиже өте маңызды. 

Біз үшін маңызды ұпай. Сондай-ақ, жасыл алаңның сапасын айтқым келеді. Мұндай сапалы алаңды көптен бері көрген жоқпын. Ойынға дейін ауа-райын қараған едік. Бүгін футбол үшін жағдай керемет болды. Алматыға бірінші рет келдім, өте керемет. Бір ұпай мен үшін кішігірім мейрам.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»