«Қайраттың» бас директоры қызметін атқарушы болып қазақстандық маман Марат Баймұханов тағайындалды.
Марат Бүркітұлы – «Қайрат» футбол клубының жүйесінде ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан маман. Алматылық клубтың құрылымындағы мансабы 2015 жылы басталды, соңғы төрт жыл бойы ол команда басшысы және әкімшілік-шаруалық істер департаментінің директоры қызметінде болды.
Педагогика ғылымдарының кандидаты саналады, ол өз дәрежесін КСРО Педагогикалық Ғылымдар Академиясында қорғаған.