«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Маки Баньяк: «Мен жоғары деңгейде ойнап, өз командама барынша көмектескім келеді»
Қайрат

Маки Баньяк: «Мен жоғары деңгейде ойнап, өз командама барынша көмектескім келеді»

03 июля 2023
/ 06:00

«Қайраттың» камерундық қорғаушысы Маки Баньяк клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының кейінге қалдырылған 13-тур аясында «Қызылжарға» (1:2) қарсы өткен ойынға қатысты пікір білдірді:

– Маки, кешегі ойын туралы айта кетсең.

– Көңілім жоқ. Ойын қиын болады деп күткен едік, бірақ көгалдың сапасы бізге кедергі болды. Алайда жағдай екі команда үшін бірдей. Ойынды нашар бастап, зейінді жоғалтып, екі гол жіберіп алдық.

– Алаңға шығар алдында бапкерден қандай нұсқау алдың?

– Нұсқаулар осы аптада жаттығуда жасағандай. Біз ойынның тартысты болатынын және әсіресе, олар стандартты позицияларда қауіпті ойнайтынын білдік.

– Осы жылдың соңына дейін қандай мақсаттар қойдың?

– Мен үшін ең алдымен команданың мақсаттары маңызды. Маусымның соңына дейін еурокубоктар аймағына шыққымыз келеді. Жалпы Қазақстан чемпионы атансақ жақсы болар еді.

– Сен «Нижний Новгород» сапында жарақат алып қалдың. Қалай өз қалпыңа келдің? Қазір жағдайың қалай?

– Қалпыма келуім жақсы өтті. Емделу үшін Барселонада бір ай болдым, содан кейін Нижний Новгородқа оралдым. Қазір мен өзімді жақсы сезінемін, бірақ аздап ауырсынады. Тәнімнің емес, жанымның мәселесі десек дұрысырақ. Мен жоғары деңгейде ойнап, өз командама барынша көмектескім келеді.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»