«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Лори» қақпасына төрт гол соқтық
Қайрат

«Лори» қақпасына төрт гол соқтық

20 февраля 2019
/ 00:00

«Қайрат» – «Лори» 4:2

Голдар: Иву (18'), Исламхан (20' - пенальтиден), Әбікен (24'), Дезире (30' - пенальтиден), Исламхан (33' пенальтиден), Ахметов (47')

«Қайрат»:  Владимир Плотников (Қ)  –  Ян Вороговский,  Елдос Ахметов, Нұралы Әліп, Еркебұлан Тұңғышбаев –  Хан Чжон Ву, Айбол Әбікен, Рамазан Оразов, Бауыржан Исламхан (К), Конрад Вржещиньский – Вячеслав Швырев.

Резерв:  Стас Покатилов (Қ) –   Сергей Кейлер, Дино Миканович, Александр Соколенко –  Магомед Парагульгов, Рифат Нурмугамет, Георгий Жуков, – Самат Сәрсенов, Мартон Эппель.  

«Лори»:  Арсен Стукаев – Айк Искханян, Эмануэль Экемини, Доса Деоу, Нана Кваме – Угочукву Иву, Ибрахим Фусени, Дарко Бнок, Исах Алию – Джонел Дезире, Стефан Аджумани.  

Резерв:  Александр Конов (Қ) – Арман Мкртчян, Владимир Бабаян, Артем Хачатуров, Арам Адамян, – Сандей Инсуа, Пап Сарр, Этоп Удо – Александр Осипов. 

ОЖЖ-дағы соңғы матч «Қайраттың» сенімді жеңісімен аяқталды. Алматылықтар армениялық «Лори» ФК-ны 4:2 есебімен ұтты.

Ванадзорлық ұжымға қарсы ойынның бірінші таймы оқиғаға толы өтті. Матчтың басында «Қайрат» гол соғатын бірнеше мүмкіндікке ие болған. Алайда, номиналды қонақтар «сары-қаралардың» қарқынына төтеп бере алды. Оның үстіне, өз шабуылдарының бірінде «Лори» алматылықтардың қорғанысынан сытылып өтіп, есеп ашып кетті. 18-минутта Угочукву Иву алыстан соққы бағыттап, допты Владимир Плотников қақпасында тулатты.

Гол жіберіп алған қайраттықтар бірден таразы басын теңестіріп тастады. Бір минуттан соң Алексей Шпилевский шәкірттері пенальти тебуге мүмкіндік алып, есепті теңестірді – Бауыржан Исламхан дәл соққы жасады. Араға төрт минут салып бұрыштан көтерілген допты Айбол Әбікен қақпаға дәл бағыттады – 2:1.

Ойынның отызыншы минутында ванадзорлықтар қарымта шабуыл өткізіп, алматылықтар қарсыласын өз айып алаңында ойын тәртібін бұзу арқылы тоқтатты. Рефери Виталий Онихимовский пенальти тағайындады. Джонел Дезире нүктеден мүлт кеткен жоқ – 2:2. Командалар үзіліске дейін есепті өзгерте алды. Тағы бір жылдам шабуыл барысында «Лори» ойыншылары төрт рет (!) допты тартып алуға тырысқан, соңғысы пенальтиге алып келді. Нана Кваме өз айып алаңында Вячеслав Швыревті құлатып тастады, ал беларусьтік арбитр нүктеге көрсетті. Арсен Стукаев қақпасына Исламхан екінші рет дәл соққы бағыттады – 3:2.

Ойынның екінші таймы «Қайраттың» шабуылымен басталды. «Лоридің» африкалық ойыншылары алматылықтардың жылдам ойыншыларына үлгере алмай, допты тек өз қақпасынан алысқа теуіп отырды. 47-минутта бұрыштан әуелеген пас Елдос Ахметовтың голымен аяқталды. Кездесудің аяғына дейін есеп өзгерген жоқ – 4:2, «Қайрат» жолдастық матчтар сериясын жеңіспен тәмамдады. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»