«Қайрат» футбол клубы клуб құрылымындағы өзгерістер туралы хабарлайды.
«Қайрат» ФК бас директоры Әлішер Апсалямов өз еркімен қызметінен босады.
- Әлішерге атқарған жұмысы үшін алғыс айтамыз, ол соңғы екі маусымда өз қызметін өте сәтті жасады. Оның басшылығымен көптеген мақсаттарға қол жеткіздік. Әлішер өз ісінің шебері екенін көрсетті, біз оны жауапкершілігі бар, креативті басшы, бойынша футбол тәлімінің іргетасы қаланған, футболды жақсы көретін маман ретінде білеміз.
Ол өз ниетімен клубтан кетті, біз оған кедергі болуды жөн санамай, өз мансабында дамуына мүмкіндік беруді дұрыс деп қабылдадық. Өз тарапымнан, Әлішерге сәттілік тілеп, бірге атқарған жұмыстар үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді, - деді клуб Бақылау кеңесінің төарағасы Қайрат Боранбаев.