Әлішер Апсалямов өзінің соңғы сұқбатында жанкүйерлермен және клубпен қоштасты.
- Бірінші кезекте, жемісті атқарған жұмысымыз үшін әріптестеріме және «Қайраттың» басшылығына, сонымен қатар, жанкүйерлерге алғыс айтамын. Өткен маусым біз үшін қарқынды және қызықты өтті. 2018 жылы клуб өзін көптеген бағыттар бойынша дамыта алып, қазақстандық футболдың дамуына өз үлесін қосты, бұл біздің ең басты мақсатымыз саналады.
Спорттық нәтижелерден тек қана қазақстан футболшылармен ғана ойнап, Қазақстан Республикасының Кубогында жеңіске жеткенімізді ерекше атап өткім келеді. Бұл расымен де үлкен жетістік, оған «Қайратқа» бірінші болып жетті. Елдегі басқа клубтарға да үлгі болдық деп үміттенемін.
Клуб басқа да көптеген салаларда дамыды. Біз өз кадрларымызды да дамытуға тырыстық, қызметкерлерді оқуға жіберіп, біліктіліктерін арттыруға үлкен көңіл бөлдік. Мысалы, Лейпциг қаласының халықаралық университетімен бапкерлік құрамды оқыту бойынша жасалған ынтымақтастығымыз біздің үлкен жетістіктеріміздің бірі болып табылады.
Сондай-ақ, 2018 жылы Алматыдағы он футбол мектебімен 6-10 жас аралығындағы балаларды футболға үйрету туралы келісімге қол қойылды. Бұл болашақта «Қайрат» Академиясының селекциялық жұмысына өз жемісін әкелетініне сеніміміз мол.
«Қайрат» өзінің даму жолында алға қарай үлкен қадамдармен жүре беретініне күмәнім жоқ. Клубымыз бір орында тұруды қаламайды, 2019 жыл жеңістер мен жарқын эмоцияларға толы болады.