«Қайрат» жастар құрамының жартылай қорғаушысы Әліби Тұзақбаев «Ордабасы Ж» командасымен ойын жайында пікірін айтты.
- Бірінші кезекте осындай нашар нәтиже үшін бапкерлік штаб пен клуб басшылығынан кешірім сұрағымыз келеді.
Екі түрлі тайм болды: алғашқы таймда ойын біздің бақылауымызда болды, гол жіберіп алған соң, бірден таразы басын теңестіріп, кейін алға шықтық. Үзілістен кейін біз ойынды дұрыс бастамадық, 3 ұпай біздің қалтамызда деп ойладық – қарсылас бізді сол үшін жазалап кетті. Өткенді қайтара алмайсың, келесі ойынға дайындалуымыз керек. Бар күшімізді «Оңтүстік» командасына қарсы ойынға саламыз.
Бұл жеңіліс біздің көп жұмыс істеп, әр ойында мінез танытуымыз керек екенін көрсетті. Дәл қазір бізге қолдау керек!