«Қайраттың» жас шабуылшысы «Ақсумен» өткен матч (4:1), негізгі құрамдағы дебюті және «Зенитпен» ойыны туралы айтып берді.
– Көп рақмет! Бұл – көптен күткен дебют. Орталық стадионда шығып, ойнау – кішкентай кезімнен арман еді, бірақ бұл тек бастамасы деп ойлаймын. Осы күнге жеткеніме қуаныштымын және осы дебютімді ата-анама арнағым келеді. Маған әрдайым қолдау беріп, шынайы сеніп отырған ата-анама мың алғыс. Маған сеніп, мүмкіндік берген бапкерге рақмет. Келесі маусымда осы команданың басты ойыншысы болуға тырысамын.
– Мен Алматы қаласында тудым. Академияда 2016 жылдан бері айналысып, кішкентай кезімнен «Қайратта» өнер көрсетіп келемін. Алаңда көп жерде ойнай аламын. Ортада әрі көбіне шабуылда ойнағанды ұнатамын.
– «Ақсуға» қарсы менің дайындығым өте тартысты болды. Өзімді жаттығуларда жақсы көрсетуге тырыстым. Ойын алдында өзімді еркін, сенімді сезіндім. Команда бапкердің нұсқауларын орындай алды. Бастысы, жеңіске жеттік.
– Иә, Жоао Паулоны ауыстырып, өзімді жақсы көрсетуге тырыстым. Ойынды өзіме алып, сенімді ойнасын деген міндет берді. Өзіме әр ойында өзіме гол салу деген мақсат коямын. Осы командаға келесі маусымда көп үлесім тиеді деген үміттемін.
– «Зенитпен» ойын, әрине, ерекше болды. Сондай атмосферада алғаш рет ойнағаныма қатты қуандым. Сол ойын арқылы дамыдық. Осындайда көптеген мүмкіндік ашылады екен. Жалпы сондай деңгейдегі командаларға қарсы ойнай алатынымызға күмәнім жоқ.