Стамбулда «Ливерпуль» пенальти сериясында «Челсиды» жеңіп, УЕФА Суперкубогы игері атанды. Алайда, матчтың басты кейіпкері командамен бірге екінші еуропалық атақты жеңіп алған "Ливерпульдің" бапкері Юрген Клопп емес, тіпті жұлдызды шабуылшы Мохамед Салах емес, 11 жасар қазақстандық Әли Тұрғанбеков болды деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
Аяқсыз туылған Нұр-Сұлтандық бала УЕФА президенті Александр Чичеринмен бірге марапаттау рәсіміне қатысып, "қызылдардың" капитаны Джордж Хендерсонға құрметті олжаны тапсырды. Бұл кеште оған әлемдегі әрбір бала қызыққан сияқты.
Жас қазақстандық Әли Тұрғанбековтың анасы Ақмарал Әміреева Қазақстандық баланың арманының орындалуына "Қайрат" футбол клубының жетекшісі Қайрат Боранбаевтың көмектескенін айтады.
«Біз УЕФА-дан шақырту алдық. Вице-президенті Қайрат Боранбаев болып табылатын UEFA Foundation for children халықаралық қоры бар. Ол Әлидің марапаттау рәсіміне қатысуына көмектесті. Футбол ойнайтын аяғы жоқ ерекше бала әлемдік жұлдыздарды қызықтырды.УЕФА өкілдері оның футболды қаншалықты жақсы көретінін көрді. Ол шынымен де футболмен өмір сүреді. Мен анамын, оның әр күннің бес сағатын достарымен футбол ойнап өткізетінін көремін. Әли осы іс-шараға қатысып, көптеген балаларға, арбамен жүретін үйде отырған балаларға, ерекше адамдарға өздерін көрсетуге, белсенді болуға, жарыққа шығуға болатындығын көрсеткеніне қуаныштымын. Әли осындай бола тұра басқаларға, сенсең, қаласаң барлығы да мүмкін екендігіне сенім ұялатады ", - дейді Ақмарал Әміреева.
«Ливерпуль» командасына УЕФА Суперкубогын баласы беріп жатқандығын көргенде, анасы өзінің көз жасын әзер ұстағандығын айтты.
Оның айтуынша, футболисттердің біреуі оған өзінің футболкасын беретіндігін айтты. Бірақ барлығы тез-тез болып, Әли өзінің армандаған сыйлығын ала алмады.
Әлидің парақшасына кірсеңіздер оның көптеген әлемдік футбол жұлдыздарымен суретке түскендігін көре аласыздар. Оның ішінде Лионель Месси, Килиан Мбаппе, Эдинсон Кавани және де Неймар. Бұган дейін баламен кездесу үшін Диего Марадона және Андрей Шевченко келген.
«Барлығы бізге бір команда жұмыс істейді немесе біреу бізге көмектеседі деп ойлайды. Шынында ол олай емес. Біз Әлидің ата-аналары өзіміздің атымыздан хат жазып, видео жібереміз. Олар назар аударып, бізді өздеріне шақырады. Одан кейін қалай жетеміз деген қиындықтар туады. Мысалы, Барселонаға Мессимен кездесуге бізге «Қайрат» ФК көмектесті. Ал Стамбулдағы УЕФА Суперкубогын айтатын болсақ, ол Қайрат Боранбаевтың арқасы. Ол бізге ұсыныс жасап, көмектесті. Астанада ДЦП-ға шалдыққан балаларды қалыпқа келтірумен айналысатын «Мейірім» оңалту орталығы бар, олар Әлидің інісі Амирдың Стамбулға баратын қаражатын төлеп берді. Сіздер білесіздер ме, Әли мен Амирдың арасы 11 ай. Олар әрдайым бірге. Мен оларды ешқашан бөлмеймін», - деді Ақмарал Әміреева.
Ақпарат көзі: bnews.kz
Сурет: uefa.com