«Қайрат» қорғаушысы «Астананы» жеңгені (1:0), жаңбырлы күн және Қазақстан жастар құрамасына шақырту алғаны туралы айтты.
– Лев, жеңіс құтты болсын! Матч туралы не айта аласың?
– Рақмет! Ойын тартысты өтті, екі командада қауіпті сәттер болды. Екінші таймның соңында гол соғып, оң нәтижеге қол жеткіздік.
– Ойынға қалай дайындалдыңдар? Жоспар қандай болды?
– Кез келген ойынға дайындалғандай күшті дайындалдық. Біздің басты мақсатымыз, әсіресе, қос астана дербиінде жеңіске жету болатын.
– Екінші таймда қатты жаңбыр жауды. Бұл ойынға қалай әсер етті?
– Ауа арайының арқасында екінші тыныс ашылып, жеңіске деген құштарлық оянды. Жаңбыр – футбол ауа райы деп бекер айтылмаған.
– Гол соғылған сәтті өзің айтып берші. Доп қақпаға кіргенде қандай әсерде болдың?
– Мен жай ғана бапкердің нұсқауын орындадым. Доп қарсыластың қақпасына кірген соң, стандарттан соққанымызға, үш ұпай алғанымызға қуандым.
– Стадиондағы атмосфера ұнады ма? Жанкүйерлерімізге айтарың бар ма?
– Өз стадионымызда мұндай матчтағы атмосферада бір сәтке де босаңси алмайсың. Барлығы жанкүйерлеріміздің арқасы. Оларға көп рақмет! Жеңісті Боранбаев Қайрат Советайұлына және кездесуге келе алмаған жанкүйерлерге арнаймыз!
– Халықаралық үзіліс келді. Сені жастар құрамасына шақырды. Алдағы ойындар туралы бір-екі ауыз сөз айта кетсең.
– Жастар құрамасына шақырту алғаныма және Венгрия мен Бельгияға қарсы кездесулерде Қазақстан атын қорғайтыныма қуаныштымын. Бұл қақтығыстарда жеңу деген бір мақсат қана болады!