«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Легия: қарсыласты таныстыру
Қайрат

Легия: қарсыласты таныстыру

25 января 2020
/ 12:00

«Қайраттың» баспасөз қызметі команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары кезінде кездесетін  қарсыластар туралы материалдар топтамасын бастайды.

«Қайраттың» алғашқы қарсыласы ағымдағы Польша чемпионатының көшбасшысы болған «Легия» клубы. Варшавалық клуб 1916 жылы құрылған және сол елдің он үш дүркін чемпионы болған.

«Әскерилердің» бапкері - қырық жасар серб Александр Вукович. Футболшы болған кезінде Вукович «Партизан», «Легия» (құрамында Польша чемпионатын, Кубогін және ел Суперкубогін жеңген) және Кельце қаласының «Корона» командасында ойнаған. Өз мансабын «Корона» командасында аяқтаған. Александр бапкерлік қызметін «Легияда» бастап, ол жерде Станислав Чересовтың көмекшісі болып жұмыс істеген. Бас бапкер ретінде экс-жартылай қорғаушы 2019 жылдың сәуірінен бастап жұмыс істей бастады.

Transfermarkt порталының мәліметтері бойынша, «Легия» құрамы 33,2 миллион еуроға бағаланады. Польша Кубогын он тоғыз рет иемденген команданың ең қымбат ойыншысы - жиырма жасар голкипер Радослав Маецкий. Оны Transfermarkt бес миллион еуроға бағалайды.

«Легияға» қарсы жолдастық кездесулер ертең, 26 қаңтарда Алматы уақыты бойынша 14:00 және 20:00  жоспарланған.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»