«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Космонавтика күнімен!
Клуб жаңалықтары

Космонавтика күнімен!

12 апреля 2020
/ 11:00

Біздің еліміз үшін бұл ерекше мереке. Өйткені, біздің жерден, Байқоңыр ғарыш айлағынан 1961 жылдың 12 сәуірінде Юрий Гагарин әлемдік тарихта ғарыш кеңістігіне ұшқан алғашқы адам болды.

Қазақстандықтар жоғары атақтар мен мемлекеттік наградаларға ие болған өз ғарышкерлерімен мақтана алады.

Тоқтар Әубәкіров – КСРО-ның 72-ші (және соңғы) ғарышкері, қазақ ұлтының тұңғыш ғарышкері. Қазақстанның ӘӘК Генерал-майоры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, КСРО-ның еңбек сіңірген ұшқыш-сынаушысы.

Талғат Мұсабаев 15 награда мен "Халық Қаһарманы" атағына ие болды, Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері. Гиннесс рекордтар кітабына енді. Ол ашық ғарышта бір тәулік өткізді.

Айдын Айымбетов – қазақстандық ғарышкер, ғарышқа ұшқан Қазақстан Республикасының Бірінші азаматы, әлемнің 545-ші ғарышкері. Қазақстанның Халық Қаһарманы (2015), Қазақстанның ӘӘК полковнигі.

Бұл күні Сіздерге ашық аспан мен ғарыш кеңістігіндей бақыт тілейміз. Жұлдыздар табысқа жетер дұрыс жол көрсетсін!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»