«Қайраттың» қорғаушысы Раде Дугалич карантин режиміндегі өмірі жазғы демалысқа ұқсайды дейді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол коронавирус жағдайын қиын деп атады және де өзін-өзі оқшаулауда немен айналысатынын, форманы қалай қалыпта ұстап жатқандығын айтты.
- Карантинде уақытты қалай өткізесіз?
- Әйеліммен фильмдер мен сериалдарды көреміз. Қажеттілік туындаған кезде ғана азық-түлікке барамыз. Барлығы әдеттегі күн тәртібімен бірдей. Бұл жазғы демалысқа ұқсайды. Бұрын Ресейде ойнаған кезімде, көптеген еуропалық чемпионаттардағыдай демалыс жазда, қыста, Қазақстанда тек қыста, себебі чемпионат наурыз айынан қараша айына дейін жалғасады. Барлығын позитивпен қабылдаймын, жаңалықтарды тыңдамаймын, әлемде болып жатқан әр нәрселермен басымды ауыртқым келмейді. Әрине, коронавирус жағдайы ауыр, бірақ мен үйде отырамын, жаттығамын, барлығы демалыс кезіндегідей. Ең бастысы–режимдісақтау, уақытында ұйықтау, форманы жоғалтпау үшін дұрыс тамақтану.
- Бапкерлер штабы қандай ұсыныстар берді?
- Бізге жаттығу процессі аяқталғаннан кейін, барлығын үйлеріне жіберген кезде, дайындалатын бағдарлама берілді. Күніне бір рет бір сағаттан жаттығу өтеді. Біз бәрін бапкерлермен бірге онлайн режимінде жасаймыз. Чемпионатты жалғастыруға дайындалып жатырмыз, ешкім тоқтап қалған жоқ. Ойынның басталуын күтеміз.
- Сіз көбіне кітаптар оқығанды қалайсыз ба немесе фильмдер көргенді ме?
- Мен фильмдерді немесе сериалдарды көбірек көремін. Кейде Сербия тарихының қызықты сәттерінен мәліметтер оқимын. Онлайн-бағдарлама арқылы итальян тілін үйренуге тырысамын. Маған бұл қызық. Көрейік, үйрене алам ба, жоқ па.
- «Қайраттың»жанкүйерлеріне не тілейсіз?
- Осындай уақытта денсаулық тілеймін. Үйде отырыңыз, отбасыңызды және жақындарыңызды қорғаңыз. Барлығы жақын арада аяқталады деп үміттенемін және де біз өз мақсаттарымызға жетуге талпынысымызды жалғастырамыз. Алға, «Қайрат»!
Ақпарат көзі: Vesti.kz